«Іш киімі ғана бар»: әнші Алтынбек Тәшімбетовтің мас күйінде жүрген видеосы тарады

Тамыз 21, 2024 - 11:24
Тамыз 21, 2024 - 12:58
«Іш киімі ғана бар»: әнші Алтынбек Тәшімбетовтің мас күйінде жүрген видеосы тарады

Белгілі әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішіп, тәртіпсіздік жасағаны үшін заң алдында жауап береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Kozachkov offside" Telegram арнасында оқиға орнынан фото жарияланды. Cуретте әнші Алтынбек Тәшімбетов екенін көпшілік бірден таныды. Өнер иесі мас күйінде медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, ғимарат ішіндегі жиһаздарды бүлдірген. 

“Дүйсенбі күні Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек ішкиімі ғана болған. Аса танымал емес әнші өзін үлкен жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикеге дөрекілік танытқан. Ашуға булыққан әншіні полицейлер тоқтатты», – деп жазылған мәтінде. 

Полиция департаментінің мәліметінше, әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша сотқа келетіні туралы түсініктеме берді.

Оның заңсыз әрекеті екі бап бойынша – қоғамдық орындарға мас күйінде келу (440 ӘҚБтК, ең жоғары айыппұл – 5 АЕК) және медицина қызметкерлерін сыйламау (80-1-баптың 2-бөлігі) бойынша айып тағылды.

Одан кейін өнер иесі 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow