«Орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды?». Роза Коуч белгілі имамның сөзіне шүйлікті

Қоғамда әйелді де, баланы да, қартты, жануарды да, өлікті де, тіпті еркекті де зорлайтын - еркек! Зорлайтын адамға себеп керек емес.

Мамыр 29, 2024 - 11:22
Мамыр 29, 2024 - 11:30
«Орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды?». Роза Коуч белгілі имамның сөзіне шүйлікті
Коллаж: sn.kz

Танымал коуч, блогер Роза Әшірбаева әйелдер туралы пікір білдірген имамдардың сөзіне қатысты өз ойын айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Роза коуч мұндай имамдарға қатысты шара қолдануын сұрап, ҚМДБ басшысы, бас муфтиі Наурызбай Қажыға, ҚМБД Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Батыржан Мансұровқа, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің басшысы Ержан Нүкеновке үндеу жасады. 

"Қоғамда әйелді де, баланы да, қартты, жануарды да, өлікті де, тіпті еркекті де зорлайтын - еркек! Зорлайтын адамға себеп керек емес, "таяқтың екі ұшы бар", "себеп бар", "не в том месте, не в той одежде, не в то время" дейтіндердің ойы бойынша мәйітханадағы өлі әйел қандай себеп туғызды екен деп сұрағым келеді. Өліп қалғаны себеп па? Ұялсаңыздар етті… Мешіттерге барып, уағыз, дәріс тыңдайтындар бәрі - еркек, ал оларға ұстаздар Пайғамбарымыздың (с.а.с) Сирасын тәпсірлеп отырып: "орамал тақпағандарды зорламағанда, кімді зорлайды" - деп отырғаны қалай? Мешіттер мен медреселерге дәріс тыңдауға келіп отырған ер азаматтарға зорлықты, қатыгездікті, сөгуді, әйелдерді киіміне қарай дискриминация жасауды үйретіп отыратын мекеме ме?, деп жазды ол.

Сондай-ақ, коуч ішкі саясат бойынша стратегиялық ұсыныстарды қалыптастырушы, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринге сауал жолдады. 

"Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ, қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек" деген Мемлекет басшысының талабына қарсы жұмыс істейтін имамдарға шара бар ма?" - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін кейбір имамдар дінге тиіскеннің жаназасын шығармау керек деген пікір айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow