Ақпарат расталды: Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

Тамыз 21, 2024 - 09:41
Тамыз 21, 2024 - 09:42
Ақпарат расталды: Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді
Фото: prosports.kz

Әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түседі.

28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. 33 жастағы спортшыны ұстау үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, делінген желідегі ақпараттта.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі.

Жанқош Жасұланұлы Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы. 2023 жылы наурызда IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Үйленген, жұбайымен үш қыз тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow