Төрт адам қаза тапты: Алматыда ағашқа соғылған көлік түгі қалмай өртеніп кетті
Тағы бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
27 маусымға қараған түні Алматы қаласының шетінде болған апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Zakon.kz.
Lada автокөлігі Үлкен Алматы каналының жолымен Бесағаш ауылының маңында батыс бағытта жүріп келе жатқан. Әзірге, белгісіз жағдайлар бойынша, көлік жолдан шығып, ағашқа соғылып, түгі қалмай жанып кеткен.
Өтіп бара жатқан куәгерлер зардап шеккендерді көліктен шығарып, көмек көрсете бастады. Бірақ қатты қысылған бір жолаушыны шығару мүмкін болмады. Ол көлік ішінде жанып кетті.
Оқиға орнында жатқан өрт сөндіргіштерге қарағанда, куәгерлер өртті өз бетінше сөндірген. Алайда, өрт сөндірушілер ғана өртті толығымен сөндіре алды.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 2002 және 2003 жылы туған төрт жігіт сол жерде қайтыс болды. Бесіншісі шұғыл түрде облыстық ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы өте ауыр. Ол туралы әзірге басқа ақпарат жоқ.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы, криминалист жұмыс істеп жатыр, олар осы апаттың барлық жағдайларын анықтайды.
Оқиға орнына келген туыстары қайтыс болғандардың ішінен жүргізушіні анықтады. Көліктің өзі түгі қалмай өртеніп кетті. Көлік қозғалтқышының жұлынып кеткеніне қарағанда ағашпен соқтығысқан кезде соққы өте күшті болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?