«Салтанат үшін»: Италия мен Германия елінде Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті

Салтанат Нүкенованың фотосы бар плакаттарды ұстап шықты. Митингіге Италияның феминистік ұйымы және қырғызстандықтар қолдады.

Сәуір 8, 2024 - 09:40
Сәуір 8, 2024 - 09:41
«Салтанат үшін»: Италия мен Германия елінде Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті

Италия мен Германияда Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті. Олар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды күшейтуді талап еткен, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

stan.kz сайтының жазуынша, 6 сәуірде Италияның Сицилия провинциясындағы Мессина қаладасында оқитын қазақстандық студенттер өз әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп сотқа тартылған Бишімбаевтың сотына қатысты бейбіт жиын жасады. 

30-ға жуық адам мерт болған Салтанат Нүкенованың фотосы бар плакаттарды ұстап шықты. Қазақстандық студенттермен қатар Италияның феминистік ұйымы және қырғызстандықтар қолдады. 

7 сәуірде Германияның Берлин қаласында 120-ға жуық адамның қатысуымен митинг өтті. Олар Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауды талап етті. Сөздерінше, Салтанат Нүкенова Қазақстандағы күйеуінің қолынан қаза тапқан бірінші әйел емес. Германиядағы қазақстандықтардан бөлек үндістандық, әзірбайжандық, қырғызстандық, түркісменстандық, өзбекстандық, украиналық және оңтүстік кореялық азаматтар да митингке қатысты. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow