«Мен адам өлтірдім деп жылаған». Байжанов Бишімбаевтың қылмыс болған күнгі сөздерін айтып берді

Бақытжан Байжанов өзіне тағылған айыптарды мойындамады.

Сәуір 15, 2024 - 17:16
Сәуір 15, 2024 - 17:17
«Мен адам өлтірдім деп жылаған». Байжанов Бишімбаевтың қылмыс болған күнгі сөздерін айтып берді
фото: видеодан скриншот

Сот отырысында Бақытжан Байжанов өзіне тағылған айыптармен келіcпейтінін айтты. Сонымен қатар, Нүкенова қаза тапқан күнгі Бишімбаев пен қазіргі Бишімбаевты салыстыру қиын екенін жеткізді.

«Ол адам өлтірді. Ол кезде Бишімбаев «Бақытжан, мен адам өлтірдім, балаларымның, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын. Қолыммен істегенді мойныммен көтерем, мен өлем» жеп жылаған. Қазір мүлде басқа адам болып отыр. Ол кезде мұндай сөздерді көп айтқан», - деді Байжанов.

Судья Байжановқа «ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша тағылған айыпты мойындайсыз ба?» деп сұрақ қойды. Сотталушы бұл айыптарды мойындамайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow