Тоқаев Словакия премьеріне жасалған қастандықты қатаң айыптады

Осыған дейін Словакия премьер-министріне қастандық жасалғанын жаздық.

Мамыр 15, 2024 - 22:39
Мамыр 15, 2024 - 22:40
Тоқаев Словакия премьеріне жасалған қастандықты қатаң айыптады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп жазады  sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Осыған дейін Словакия премьер-министріне қастандық жасалғанын жаздық.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow