Белгісіз біреулер Словакия премьерін атып кетті

Бірнеше рет оның кеудесіне және ішіне оқ атылған.

Мамыр 15, 2024 - 21:16
Мамыр 15, 2024 - 21:53
Белгісіз біреулер Словакия премьерін атып кетті
Фото: Petr David Josek

Словакияда үкімет отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі Фицо жараланды – саясаткерге жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылды, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады. Жергілікті Pravda басылымының жазуынша, қастандық Хандловадағы үкімет отырысынан кейін премьер-министр адамдар арасында келе жатқан кезде жасалған.

Куәгерлердің айтуынша, Фицо жұртшылыққа жақындаған кезде бірнеше рет оқ атылған дыбыс естіліп, премьер-министр құлаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше рет оның кеудесіне және ішіне оқ атылған.

РИА Новости сайтының жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, премьер-министр тікұшақпен Братиславадағы ауруханаға жеткізілген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow