Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Мамыр 19, 2024 - 18:24
Мамыр 19, 2024 - 18:45
Иран президенті мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды
Фото: IRNA

Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды.

Бұл туралы IRNA агенттігі жазды. Бортта Иран президенті Ибрахим Раисиден өзге Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан мен Иранның басқа да ресми тұлғалары болған.

Оқиға орнына жедел құтқару топтары жіберілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow