Тағы біреуі ауыр халде: Қарағандыда лифт адам өмірін қиды
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт істен шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
«Вечерняя Караганда» мәліметінше, лифттің ішінде екі құрылысшы болған. Олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болған.
«Байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді Полиция департаментінің өкілдері.
Екінші құрылысшы ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?