Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Қазан 30, 2024 - 21:30
Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды.

Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.», - делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow