Ризабек Айтмұхан бір жылда екі рет әлем чемпионы атанды
97 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Иран елінің балуаны Махди Морафадан айласын асырды.
Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 1 жылда екі рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолы ол Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы бәсекеде топ жарды, – деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Ризабек 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 97 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Иран елінің балуаны Махди Морафадан айласын асырды. Қарсыласын шешуші белдесуде 11:6 есебімен жеңіп шықты.
Отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада елінің балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын ұтты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар сында ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан - ересектер және жастар арасында чемпион атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 2023 жылы Белградта алтын алған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?