Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыздың мәйіті табылды
Қазіргі уақытта сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.
Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Алматы Облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлім етті.
Бүгін, 22 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түскен.
Қазіргі уақытта сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 17 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында үш жасар Айя-София есімді қыз жоғалып кеткен болатын. Ол түстен кейін үйден шығып, содан соң оралмаған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда.
Сіздің реакцияңыз қандай?