Мемлекет басшысы Моңғолияға барады
Биыл 28-29 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?