Тоқаев Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы - Республика күнімен құттықтады. Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?