«Саудаласып жатыр»: Назарбаевтың Тэтчерге таққан орденін сатып алатын адам табылды

Қазан 26, 2024 - 15:09
«Саудаласып жатыр»: Назарбаевтың Тэтчерге таққан орденін сатып алатын адам табылды

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания саясаткері Маргарет Тэтчерге сыйлаған «Достық» орденін сатып алатын адам табылыпты. Бұл туралы Azattyq Rýhy редакциясының сұрағына жауап берген дереккөз хабарлады. 

Қазір орденге қызыққан адам сатушымен саудаласып жатқанын білдік. Айта кетейік, бұған дейін «Достық» орденінің сатылатыны туралы хабарландыру британиялық антиквариат Peter Harrington сайтынан жойылған болатын. 

«Біз ол заттың қазір онлайн сатылымда жоқ екенін растаймыз. Өйткені, затты сатып алушы қарап жатыр, сондықтан, біз оны офлайнға шығарамыз», - деп жауап берді дереккөз.

Осыған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияның бұрынғы басшысы Маргарет Тетчерге таққан «Достық» ордені сатылымға шыққаны хабарланған. Сирек кітаптар сататын сайтта ол 12 500 фунтов стерлингке, яғни, 7,9 млн теңгеге бағаланған.

Бұл туралы пікір білдірген Әділет министрі Азамат Есқараев ел тарихында елеулі үлесі бар тұлғалардың жеке заттарының аукционға қойылуы - британ халқының мәдениетінің бір бөлігі деген. Ал егер Қазақстанда мемлекеттік награда сатылатын болса, оған ҚК-те жауапкершілік көзделген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow