«Таңданарлықтай сот отырысы болды»: Ксения Собчак Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді

Достар, біз бұл тақырыпты көптен бері зерттеп келеміз, күн сайын Салтанаттың өлімі туралы жазамыз.

Сәуір 23, 2024 - 09:20
Сәуір 23, 2024 - 09:21
«Таңданарлықтай сот отырысы болды»: Ксения Собчак Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді
Фото: Әлеуметтік желі, Жоғарғы сот

Ресейлік журналист Ксения Собчак әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Астанадағы сот отырысына қатысты. Ол сот процесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Собчактың айтуынша, әріптес журналистер оның ұстанымын қате бағалаған.

"Қазақстандық және ресейлік БАҚ экс-министр Бишімбаевтың сотындағы басым позицияға ие болғаным туралы жаза бастады. Мен қорғау тарапының жанында, ал қалған журналистер тұрып тұрды деді. Достар, біз бұл тақырыпты көптен бері зерттеп келеміз, күн сайын Салтанаттың өлімі туралы жазамыз”, – деді Ксения Собчак.

Ол сондай-ақ, бұл процесті ешкімге қатысы жоқ тәуелсіз журналист ретінде жариялап жатқанын атап өтті. Сөзінше, оның командасы бұл туралы үлкен сюжет түсіріп жатыр.

"Бізді сотқа қорғау немесе айыптау тарапы шақырған жоқ, мен Жоғарғы сот арқылы аккредитациядан өттім, бізді қайда отырғызды, сол жерге жайғастық. Бүгін шынымен де таңданарлықтай отырыс болды. Бұл туралы сәл кейінірек айтамыз", – деп жазды ресейлік журналист.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow