«121 млн теңге айыппұл»: топан судың фотосын таратқандар жазаға тартылуы мүмкін

Сәуір 23, 2024 - 09:31
Сәуір 23, 2024 - 09:36
«121 млн теңге айыппұл»: топан судың фотосын таратқандар жазаға тартылуы мүмкін
focus.ua

Дубайда топан судың фото-видеоларын таратқандар жазаға тартылуы мүмкін.

БАӘ билігі толассыз жауған жаңбыр мен ғимараттардың су астында қалған суреттер халықты әбігерге салып жатқанын айтқан. Сондықтан суреттерді таратқандарға жаза қолданбақ. Айыппұл материалдардың көлеміне байланысты және 1 миллион дирхамға жетуі мүмкін. Ол Қазақстанда 121 345 627 теңгені құрайды.

Біріккен Араб әмірліктерінде болған биылғы жауын соңғы 75 жылдағы ең жоғары деп тіркелді. Салдарынан әуежай мен Дубайдағы ең ірі сауда орталығы Dubai Mall су астында қалды.

289 қазақстандық Дубайда қалды. Тұрақсыз ауа райы жағдайында Дубай билігі мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу және оқу мерзімін ұзартты.

bugin.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow