Су тасқыны: Сауд Арабиясында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Оманда 21 адам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 азамат опат болды.

Мамыр 3, 2024 - 12:28
Мамыр 3, 2024 - 12:29
Су тасқыны: Сауд Арабиясында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Сауд Арабиясы, БАӘ және Оман елдері әлі тасқын зардабын тартып отыр. Үздіксіз жауған жаңбырдың соңы алапат су тасқынына ұласты. Артынша күшті дауыл тұрып, ғимараттарға зақым келген. Табиғат апатынан Оманда 21 адам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 4 азамат опат болды.

Әсіресе Сауд Арабиясының астанасы Әр-Рияд пен қасиетті Медина қаласы топан судың астында қалған. Осыған байланысты бірқатар провинцияда қауіптің қызыл деңгейі жарияланған. Балабақшалар мен мектептер жұмыс істемейді. Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, дауыл мен нөсер әлі де сақталады.

Сарапшылар табиғаттың мұндай тосын мінезі әсіресе туристік салаға үлкен зиян алып келгенін айтады.  Айтуларынша, келген шығын көлемі 300 млн доллардан асып кеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Magas Times (@themagastimes)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow