Елімізде жеке куәлік өзгеретін болды
Жеке басты куәландыратын құжаттың жаңа нұсқасында азаматтардың жынысы туралы мәліметтер болады.
Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Енді «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады.
«ҚР азаматының жеке куәлігінің ағымдағы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде және оның машинада оқылатын аймағында кодталған түрде енгізіледі. Осыған байланысты, көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады», - делінген хабарламада.
Ашық НҚА порталында құжаттың үлгісі көрсетілді.
Жаңа жобаны жария талқылау мерзімі – 21 мамырға дейін.
Сіздің реакцияңыз қандай?