Макрон Тоқаевқа Астанада сыйға алған тазыларының қалай өсіп қалғанын көрсетті
Елисей сарайының бағында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бейресми әңгіме өрбітті, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
Мемлекет басшылары серуенге Жюль және Жанна атты тазыларды ертіп шықты.
Бұл асыл тұқымды тазыларды былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде сыйға тартқан болатын.
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды.
Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?