«Жұмаққа жетелейтін дауыс»: Францияның экс-президентінің жұбайы Димаштың дауысына тәнті болды (ВИДЕО)
Кешегі кеште қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақытына ие болдым.
Димаш Құдайберген Францияға барған қазақстандық делегация құрамында болып, "Қазақстан: Ұлы дала қазынасы" көрмесінің ашылу салтанатында ғажайып дауысымен көпті таңдай қақтырды. Отандық әртістің өнеріне Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің әйелі Карла Бруни аса тәнті болған, деп жазады Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген 5 қарашада Франция президенті Эммануэль Макронның атынан болған мемлекеттік қабылдауда өнер көрсетті. Қазақстанның халық әртісі көпке белгілі "SOS d’un terrien en détresse" композициясын француз тілінде орындап, қазақ тілінде халық әні "Дайдидауды" шырқады. Кеш қонақтары арасында болған Францияның экс-бірінші ханымы Карла Бруни Димаштың өнеріне ерекше тәнті болған. Николя Саркозидің келіншегі Instagram-дағы парақшасында Димаш Құдайбергеннің дауысынан алған әсерін бөлісті.
"Кешегі кеште қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергенді тыңдау бақытына ие болдым. Кей дауыстар бізді жер шарынан алысқа ұшырып, жұмаққа екі қадам жерге дейін жетелейді. Бар болғаныңыз үшін рақмет, Димаш! Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін рақмет", - деп жазды Карла Бруни.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?