Шымкентте полиция бастығының орынбасары қамауға алынды
Әлеуметтік желілерде Шымкент полиция басқармасының қаржылық қамту басқармасының бастығы мен полицияның аға лейтенантының қатысуымен 370 млн теңгенің жымқырылғаны жөнінде ақпарат тарады.
ІІМ жағдайға түсініктеме беріп, фұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда министрлік полиция бастығы мен аға лейтенанттың шынымен ұсталғанын нақты ашып айта қоймады.
"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады. Кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқық бұзушылыққа төзбеу бойынша қағидатты ұстанады", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?