Көшпенділер ойындарында еліміз алғашқы алтын жүлдесін еншіледі
Қазақстан спортшысы Ермек Құралбай аударыспақтан көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 60 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай қырғыз спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болған.
«Жарысқа жақсы дайындалып келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз балуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.
Айта кетейік, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Ертең, 10 қыркүйек күні Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.
Сіздің реакцияңыз қандай?