Ресейде экипаж мүшелері жантүршігерлік апатқа ұшырады

Оқиға Сочи әуежайынан қонақ үйге барар жолда болды.

Маусым 9, 2024 - 10:30
Маусым 9, 2024 - 10:32
Ресейде экипаж мүшелері жантүршігерлік апатқа ұшырады
Фото: Pixabay

9 маусымға қараған түні Сочи қаласында ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы жан түршігерлік апатқа ұшырады, - деп жазады   Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Сочи әуежайынан қонақ үйге барар жолда болды.

«Авиаторщина» Telegram-каналының мәліметі бойынша, N4 520 Курган – Сочи рейсін орындағаннан кейін ресейлік Nordwind авиакомпаниясының экипажы ұшудан кейінгі барлық рәсімдерден өтіп, авиатасымалдаушы тапсырыс берген шағын автобусқа отырды. Экипаж трансфері екі ұшқыш пен төрт стюардессаны қонақ үйге жеткізуі керек еді.

Бірақ жолда Адлер – Псоу айналма жолында шекараға қарай микроавтобус жол қызметтерінің камазына соғысқан. Куәгерлердің айтуынша, микроавтобус жүргізушісі телефонға алаңдап, жолда тұрған жүк көлігін уақытында байқамаған. Осы апаттың салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Дереккөздің хабарлауынша, екі баланың анасы, 34 жастағы стюардесса реанимацияға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, әйел қайтыс болды. Тағы бір стюардессаның көкбауыры жарылған, үшіншісінде бет жарақаты бар. Жергілікті жерде құқық қорғау органдары жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow