Бішкекте 300-ге жуық адам шетелдіктерден кек алмақ болды
Бішкекте 300-ден астам жігіт бірнеше күн бұрын шетелдіктер жергілікті тұрғындармен төбелескен жатақхананың алдына жиналды. Осыған байланысты бүкіл қала полициясы оқиға орнына жетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
13 мамырда жатақханаға келгендер арасында болған төбелестен кейін Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Бұзақылық» тармағы бойынша шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғуы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алайда 17 сәуір күні кешкі уақытта жатақхана маңына 300-ден астам адам жиналып, шетелдіктерден кек алуға жиналды. Тәртіпті сақтау үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті мен Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының 70 қызметкері шықты. Кейінірек оқиға орнына қосымша отряд пен патрульдік қызметтің 15 бригадасы жетті.
Жиналғандар жолды бөгемек болғаннан кейін барып оларды ұстай бастады.
Полиция қоршауға алып, тәртіпсіздіктердің алдын алуға тырысты. Ал қоршауды бұзып өтпек болғандар ұсталды.
Сондай-ақ жақын маңдағы көшелер – 7 сәуір мен Шу көшелерінің қиылысында ішкі әскерлер мен су атқыштар жұмылдырылғаны хабарланды.
Порталдың хабарлауынша, тәртіп сақшылары жиналғандарды таратып жіберді.
Сіздің реакцияңыз қандай?