«Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері ұсталды

Олар ағаш ұрлап, оны сатты деген күдікке ілінді.

Шілде 11, 2024 - 09:45
Шілде 11, 2024 - 09:46
«Семей орманы» филиалының директоры мен жиырмадан астам қызметкері ұсталды
Фото: instagram.com/glpr.semeyormany

Өткен жылдың жазында шыққан ауқымды өртке байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына орманды заңсыз кесуге және ағаштарды ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.

ІІМ аталған тапсырманы орындау аясында осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

— 9 шілдеде Абай облысының аумағында ІІМ және ҰҚК жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow