Дауыл тұрып, бұршақ жауады: алдағы үш күннің ауа райы болжамы

Ауа температурасы еліміздің солтүстігі мен шығысында +28+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Шілде 11, 2024 - 10:15
Шілде 11, 2024 - 10:26
Дауыл тұрып, бұршақ жауады: алдағы үш күннің ауа райы болжамы
фото: bogatyr.club

«Қазгидромет» 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр.

Өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақытта гөсер жаңбыр жауады.

«Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжанып отыр», - деп жазылған хабарламада.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С-қа дейін, солтүстік-батыста +20+30°С-қа дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С-қа дейін жоғарылайды.

Қалған аумақта өзгеріс болмайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow