Қазақстан Қытаймен бірлесіп Айда станция салатын болды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі сүйінші сұрап жатыр екен.
Қазақстан мен Қытай Айда бірлескен зерттеу базасын салу туралы меморандумға қол қойды.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі хабарлады.
«Биылғы жылдың шілде айында біздің ведомства Қытаймен айда бірлескен ғылыми-зерттеу базасын салу туралы меморандумға қол қойды. Келісім бірлескен зерттеулерді, тәжірибе және білім алмасуды, сондай-ақ ғарыштық технологиялар мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қамтиды. Енді Қазақстан отандық ай телескопын жасау және ұшыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жаңа технологияларды әзірлеуге қатысады.Сонымен қатар халықаралық ғылыми ай станциясы құрылысы жобасын жүзеге асыруға да елеулі үлес қосуды жоспарлап отыр», – делінген ведомства хабаламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?