Мас күйде көлік тізгіндеген Бишімбаев жазалана ма?
Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді.
![Мас күйде көлік тізгіндеген Бишімбаев жазалана ма?](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202404/image_870x_661f5687ee3db.jpg)
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.
"Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды", - деді ІІМ өкілдері.
4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні "орташадан сәл жоғары" мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.
"Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?" - деп сұрады Оразбахова.
"Иә", - деп жауап берді Бишімбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)