Айдос Садықовты өлтірді деген күдікті румындық жүргізуші куәлігін пайдаланған
Лариса есімді Киев тұрғыны Богдан Гаврилишин көшесіндегі пәтерді Алтай Жақанбаевқа жалға берген кезде, ол оның Қазақстаннан екенін білмеген. Жақанбаев оған Алекс Ким атты Румыния елі азаматының жүргізуші куәлігін суретке түсіруге берген.
Құжатта көрсетілген ID мен аты-жөні жалған болып шыққан. Румындық құжаттарды тексеру сайты куәліктің жалған екенін анықтаған.
Жақанбаевтың румындық жүргізуші куәлігіндегі туған күні мен айы басқа дереккөздер мен құжаттарда көрсетілген туған күн мен айға сәйкес келмейді. Румындық құжатта 03.12.1988, ал қазақстандық паспортта 08.02.1988 болып көрсетілген.
Айдос Садықовқа қастандық 18 маусымда жасалды. Күдіктілер жалдамалы пәтерден 21 маусымда шығарылуы керек еді, дейді Лариса. Ол Жақанбаевқа таңертең сағат 10.30 шамасында Telegram мессенджеріне қоңырау шала бастайды, бірақ сол күйі ала алмайды. Кейін ол пәтерге келеді. Бірақ пәтерде Жақанбаев пен Қаратаев жоқ болып шығады, Лариса оларды содан кейін көрмеген.
Киевте күдіктілер Гаврилишин көшесінде пәтер жалдап қана қоймай, Берестейский даңғылы, 17-үй мекен жайында тағы бір пәтер жалдаған. Украина Ұлттық полициясының мәліметінше, бұл Садықовтар отбасының тұрғылықты жеріне жақын.
Сіздің реакцияңыз қандай?