Satbayev University онлайн оқыту платформасын ашты

Платформа екі озық мамандық бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады.

Сәуір 22, 2024 - 17:36
Сәуір 22, 2024 - 17:38
Satbayev University онлайн оқыту платформасын ашты
satbayev.university


Satbayev University Adway.edu.kz-пен бірге университетте онлайн оқыту платформасын ашты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Платформа екі озық мамандық бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады: Computer Science және Ақпараттық қауіпсіздік.

Деректерді талдау және ақпаратты қорғау саласындағы негізгі дағдыларды меңгергісі келетін студенттер енді Adway.edu.kz платформасы арқылы Satbayev University-ден ыңғайлы онлайн форматта жоғары білім ала алады. Бұл бағдарламалар түлектердің заманауи еңбек нарығының қиындықтарына дайын болуын қамтамасыз ету үшін технологияның соңғы тенденциялары мен кәсіби дайындық талаптарын ескере отырып әзірленген.

Платформа Adway.edu.kz сайты арқылы өтінімдерді қабылдайды, содан кейін студенттер мансаптық жетістікке жету жолын бастай алады. Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін @adway.edu.kz парақшасына кіріңіз немесе +7 (778) 411-95-35 нөміріне хабарласыңыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow