Елімізде TikTok бұғатталуы мүмкін

(Tik Tok-ты) бұғаттау мәселесінде көрші елдердің тәжірибесін қарастырып отырмыз.

Сәуір 22, 2024 - 17:59
Сәуір 22, 2024 - 18:00
Елімізде TikTok бұғатталуы мүмкін
bulak.kg

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғатталу мүмкін екенін айтты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Министрдің айтынша, бұл мәселе талқыланып жатыр. Жуықта ашық талқыға ұсынылады. 

"Tik Tok-тыбұғаттау мәселесінде көрші елдердің тәжірибесін қарастырып отырмыз. Бүгінде әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық дерегі көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар.  Бұл біздің ұлттық қауіпсіздімізге қауіп төндірсе, әлбетте осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Ол (TikTok-ты бұғаттау мәселесі) шешілмеген. Бұл мәселе әлі қарастырылады", - деді Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысынан соң. 

Алайда Балаева ханым желінің толықтай жабылатынын немесе ішінара бұғатталатын ашып айтпады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow