«Көліктер жүрмейді, жүзеді»: Астана тағы суға астында қалды (ВИДЕО)

Жақында қайық сатып алу керек болады.

Маусым 7, 2024 - 17:20
Маусым 7, 2024 - 17:23
«Көліктер жүрмейді, жүзеді»: Астана тағы суға астында қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Астанада толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін тағы да су басты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жаздың алғашқы аптасында елордада бұршақ жауып, соңы толассыз жаңбырға ұласты. Су деңгейі жол жиегіне шығып кеткендіктен, жүргізушілер жолды көре алмай әлек.

Жауын қосымша қиындықтар туғызбау үшін қаланың коммуналды қызметі қатты жауған жаңбырдың салдырын жедел түрде жоюда.

Астаналықтар ауа-райының қолайсыздығы мен оның зардаптары туралы көптеген видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Видеоның астында қала тұрғындары түрлі пікір қалдырды. 

«10 минутқа қатты жаңбыр жауып еді, Астана су астында қалды», «Үй салынcа да, нөсер арналары жасалмайды. Су қайда кетеді деп неге ойланбайды», «Сол жағалау әдеттегідей...», «Біз Сарайшық көшесінде көп жылдар бойы тұрдық, жақында жол төсемін жөндегеннен кейін де су басты», «Жақында қайық сатып алу керек болады», «Көліктер жүрмейді, жүзеді», «Астана емес, Венеция», деп жазды олар. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін еліміздің солтүстік өңірлерінде бұршақ жауып, соңы жаңбырға ұласады

 

.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow