ҚазҰУ пәк қыздарының тізімі: Университет қызметкерлері жұмыстан шығарылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің жеке деректерінің жариялануы бойынша кінәлілер жазаланғанын айтты, деп жазады Orda.kz.
Кейбір қызметкерлер жұмыстан босатылса, басқалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Университетке қызмет көрсететін медициналық орталық қызметкерлері де жазаланып, аталмыш медициналық орталықпен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылуда.
Тағы оқыңыз: «Пәк қыздар тізімі»: министр Нұрбек ҚазҰУ студенттері жайлы мәліметтің не үшін жиналғанын түсіндіре алмады
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын WhatsApp мессенджерінде телефон нөмірлері, ЖСН және студент қыздардың медициналық деректері көрсетілген интимдік мәліметтері бар ақпарат тарап кеткен болатын. Құжаттар 190-ға жуық адам жазылған университеттің старосталар тобында жарияланған.
Тағы оқыңыз: «Үш мың теңгеге сатып алуға болады»: ҚазҰУ-дағы «пәк қыздар тізімі» Еуропаға жетті
Цифрлық даму министрлігі зардап шеккен студенттерді кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініш беруге шақырды. ҚазҰУ медициналық орталығындағы медбике деректерді таратқаны үшін айыпталды. Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сіздің реакцияңыз қандай?