«Мұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін!»: әнші Арман Қоңыр өтініш айтты

Өнер иесі Айсапар Әбдірахман есімді науқастың жағдайын баяндаған.

Шілде 24, 2024 - 12:43
Шілде 24, 2024 - 12:44
«Мұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін!»: әнші Арман Қоңыр өтініш айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Арман Қоңыр әлеуметтік желіде оқырмандарына өтінішін жеткізді. 

Өнер иесі Айсапар Әбдірахман есімді науқастың жағдайын баяндаған.

Айтуынша, оған бүйрегін ауыстыру қажет. Операция 50 миллион теңге тұрады екен.

"Ассалаумағалейкум құрметті Қазақ елі, құрметті бауырлар! Сіздерге үлкен өтінішпен шығып отырмыз. Айсапар қарындасымыз қазір қиындықпен сыналып жатыр екен. Сол сынақтан өтуіне сіз болып, біз болып көмектесіп, қол ұшын созып жіберсек деген ниеттеміз.

Дертті беруші Алла, шипасын да беруші Алла! Біз соған себепкер болып қолдан келгенше көмектесіп, дұға жасап барынша атсалысайық! Бұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін! Тым болмағанда осы видеоны таратып көпшіліктің көруіне себепкер болуыңызды өтінемін!", – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow