Шымкентте полицей әпкелі-сіңілі екі қызды зорлап, видеоға түсірген

Екі қыз шыдамай өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Тамыз 6, 2024 - 15:52
Тамыз 6, 2024 - 15:52
Шымкентте полицей әпкелі-сіңілі екі қызды зорлап, видеоға түсірген

Шымкентте апалы-сіңлілі екі қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Олардың бірі кәмелетке толмаған, деп жазады Orda.kz. 

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, олар бірнеше ер адамның жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағаннан кейін шарасыз қадамға баруға бел буған. Полиция қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары қандай бап бойынша тергеу жүріп жатқанын айтудан бас тартты.

Ашық оқиғаны қоғам белсендісі Дина Таңсари бөлісті. Оның айтуынша, Шымкенттегі ауруханалардың бірінің қызметкері «Үнсіз қалма» қорына хабарласып, 30 шілдеде токсикология бөліміне 21 және 15 жастағы екі апалы-сіңлілі әйел түскенін хабарлады.

«Оларды зорлап, видеоға түсірген. Зорлаушылардың бірі полиция қызметкері болып шықты. Қыздар арыз жазып, олармен психолог жұмыс істеп жатыр. Оларға болған жайт туралы айтпау керек, әйтпесе видеоны интернетке саламыз деп қорқытатын болды», - делінген анонимді үндеуде.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

«Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу  жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow