Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын кен орны табылды

Бұл аймақта табылған литийдің мөлшері 5,3 пайызға жетті, ал Батыс Аустралиядағы шахтадан алынған литийдің мөлшері 2,1 пайыз болған.

Наурыз 7, 2024 - 09:17
Наурыз 7, 2024 - 09:17
Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын кен орны табылды

Корея ғалымдары Қазақстанда литий кен орнын тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Кореяның геологиялық ғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) былтыр Қазақстанда литий кен орнын ашқаны хабарланды. Геологтардың мәліметінше, ауданы 1,6 шаршы шақырым болатын кен орны Қазақстанның шығысында орналасқан. Тантал әдетте литий және цезиймен бірге пайда болатынын ескере отырып, институт былтыр мамырдан бері Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша бұл аумақты зерттеп жатыр.

Табылған ресурстар құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланады.

«Канада агенттігінің талдауына сәйкес, бұл аймақта табылған литийдің мөлшері 5,3 пайызға жетті. Өз кезегінде, Батыс Аустралиядағы шахтадан алынған литийдің мөлшері 2,1 пайыз болады», - деп жазады The Korea Times.

Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі саналады.

KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін учаскеде бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр. Компания туралы мәліметтер жарияланбайды.

Мәліметтерге Экология және табиғи ресурстар министрлігі нақтылау жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow