Қырғызстан үкіметі Гонконг пен Макао резиденттеріне визасыз режим енгізді
Қырғызстан министрлер кабинеті 10 қазанда Гонконг пен Макаоның кейбір азаматтарына визасыз режим енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде 11 қазанда "Бір белдеу – бір жол" бастамасының он жылдығына орай ұйымдастырылған "Қырғызстан – Қытай" достығы туралы жиын кезінде Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсалов хабарлады. Гонконг пен Макао тұрғындарынан бөлек, бұл мүмкіндікті АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодаққа визасы бар Қытай азаматтары да пайдалана алады. Ондай азаматтар Қырғызстанда визасыз бір апта бола алады. Ақпаратқа қарағанда, визасыз режим біржақты тәртіпте енгізілген. Биыл мамырда Қырғызстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізу мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатқаны хабарланған. Ал Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді биыл жазда бекіткен. 30 күнге дейін өзара визасыз сапарға рұқсат беретін келісімге 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған. Бұл сапар кезінде Қытаймен визасыз режимге қарсылық білдіріп, акция өткізгендерді Қазақстан құқық қорғау органдары қамаған. Қазақстан билігі бұл келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп санайды. Келісімге қарсылар "мұндай жеңілдікті Қытай қазақтары пайдалана алмайды, себебі олар еркін жүріп-тұру құқығынан айырылған, бірқатарының паспорты да жоқ" деген уәж айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?