Айжан Байзақованың інісінің ұсталған кездегі видеосы тарады
Блогер Әлихан Байзақов өзінің ұсталған кездегі сәтінен видео жариялап, ҰҚТ-ға қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің ұсталған кездегі видеосын инстаграм-парақшасында жариялады. Ол бопсалаушылыққа және ұйымдасқан қылмыстық топтарға еш қатысы жоқ екенін жазды.
"Мені ҰҚТ-ға қатысы бар және оларды қаржыландырды, бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұстады. Алайда менің бопсалаушылыққа және жалпы ҰҚТ-ға еш қатысым жоқ", - деп мәлімдеді блогер.
Еске салайық, бұған дейін Әлихан Байзақовтың аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген бір топ адаммен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Алайда Алматы полиция департаменті оның полицияға куә ретінде жеткізілгенін және тергеуден кейін босатылғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?