«Парламенттен хабарласты»: Жұлдыз Әбдікәрімова журналистермен кездесу өткізбек

Қараша 12, 2024 - 12:21
Қараша 12, 2024 - 12:48
«Парламенттен хабарласты»: Жұлдыз Әбдікәрімова журналистермен кездесу өткізбек
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйін қайтарып алуға көмектесеміз деп жүрген алаяқтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесіне жақында жоғары жақтан біреулер хабарласып, ұсыныс айтқан. 

“Сенбі, жексенбі маған "парламенттен" деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақ. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. "Шеф" өзі айналысып жатыр деді", – деп жазды актриса.

Оның сөзінше, хабарласқан адам мемлекеттік қызметтегі лауазымды кісінің атын айтқан. Алайда актриса мәселенің ақ-қарасын көрсетіп беру үшін, журналистерді жинап, баспасөз-конференциясын өткізетінін айтты.

“Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине, алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірі және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын", – деп жазды киножұлдыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow