«Өзім жынды болсам да, әйелім дұрыс болсын»: Қуат Хамит орамалды қыз іздеп жүргенін айтты

Мен тәрбие көрген, әке-шешесі қатты ұстаған қыздарды қарап жүрмін. Сондай қызға үйленгім келеді.

Маусым 11, 2024 - 10:40
Маусым 11, 2024 - 10:41
«Өзім жынды болсам да, әйелім дұрыс болсын»: Қуат Хамит орамалды қыз іздеп жүргенін айтты

Белгілі спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ютуб арналардың біріне берген сұқбатында өзінің жеке өмірі жайлы айтты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.Сұқбатында ол өзіне адал жар болатын адам іздеп жүргенін айтқан. 

"Мен темекі тартатын, арақ ішетін қыздарды көп көрдім. Бұлай темекі тартып, арақ ішіп, ашық-шашық киінетін, анда-мында жүретін қыздар қайтіп ана болады?

Мен қазір орамалдағы қыздарды іздеп жүрмін. Мен тәрбие көрген, әке-шешесі қатты ұстаған қыздарды қарап жүрмін. Сондай қызға үйленгім келеді. Мен барлық "ластықты" көргеннен кейін, оны көрсем құсқым келеді. Мен ондай адамды үйге алып келе алмаймын. Мен өзім дұрыс емес, жынды болсам да, әйелім дұрыс болсын. Бала анасының тәрбиесін көріп өседі.

Егер мен үйленсем, қызға шын жүрегіммен үйленемін және баламды бақытты етуге бар күшімді саламын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow