Перуашевтің орынбасары: ҰҚК Ұлттық ұланның генералын қамауға алды

Кейбір дерек көздерінің жазуынша, Дмитрий Васильев Азат Перуашевтің нақты айтқанда «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып шыққан.

Қыркүйек 4, 2024 - 15:53
Қыркүйек 4, 2024 - 16:13
Перуашевтің орынбасары: ҰҚК Ұлттық ұланның генералын қамауға алды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкинді қамауға алды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, генерал-майор Константин Воронкин 2023 жылы пара алды деген күдікке ілінген.

Генерал-майор Константин Воронкин жеңіл автокөліктер мен жеңіл көліктердің көтерме саудасымен айналысатын “Параллель-ТС” компаниясының құрылтайшысы Дмитрий Васильев және осы мекеме директоры Максим Васильевтен ірі көлемде пара алған. 

Ол осылайша Ұлттық ұланның мүддесін баса отырып, ағайынды Васильевтертерге ыңғайлы жағдай жасап отырған.

Ең қызығы, кейбір дерек көздерінің жазуынша, Ұлттық ұлан генералына пара берген екеудің бірі, яғни  Дмитрий Васильев  Азат Перуашевтің нақты айтқанда «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары болып шыққан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow