Паралимпиада-2024: Ел қоржынына тағы екі қола түсті

Қыркүйек 8, 2024 - 00:03
Қыркүйек 8, 2024 - 00:08
Паралимпиада-2024: Ел қоржынына тағы екі қола түсті

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы екі қола медаль түсті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Жұрқамырза Шүкірбеков парадзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді. Айта кетелік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп, жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын. 

Тағы бір отандасымыз дзюдошы Зарина Райфова да Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. Зарина парадзюдодан 70 келі салмақта  (J2 санаты) үздіктер қатарынан көрінді.  Қола медаль үшін өткен белдесуде Райфова италиялық Каролина Костадан басым түсті.  

Осылайша, Қазақстан құрамасы 9 медальмен (2 алтын, 3 күміс, 4 қола) 37-орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow