«Қылмыскерге әділ соттан жалтаруға мүмкіндік беріп отыр»: Украина сыртқы істер министрлігі Моңғолия билігін сынға алды
Украина сыртқы істер министрлігі Моңғолия билігін Владимир Путинді қамауға алмағаны үшін сынға алды.
Владимир Путин алдыңғы кеште Моңғолияға Кеңес Одағы мен Моңғолия қарулы күштерінің Жапонияға қарсы жеңісінің 85 жылдығына арналған мерекеге қатысу үшін келген, - деп жазады Әшкере телеграм арнасы.
Путин Моңғолия астанасы Ұлан-Батырға қонды. Бұл оның 2023 жылдан бері елге жасаған алғашқы сапары. Моңғолия - Рим статутына қол қойған және Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) юрисдикциясын мойындайтын ел. 2023 жылдың наурыз айында ХҚС Владимир Путинге балаларды депортациялады деген күдікпен қамауға алу ордерін шығарған болатын. Алайда Путинді қамауға алудың орнына, Моңғолия билігі оны құрметті қарауылмен қарсы алды. Украина билігі Моңғолия үкіметін сынға алды. Украина Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Георгий Тихийдің айтуынша, Моңғолия Путиннің әділ сот төрелігінен құтылуына көмектесіп жатыр.
"Моңғолия үкіметінің Путинді қамауға алу жөніндегі ХҚС міндетті ордерін орындамауы Халықаралық қылмыстық сотқа және халықаралық қылмыстық құқық жүйесіне ауыр соққы. Моңғолия айыпталған қылмыскерге әділ соттан жалтаруға мүмкіндік беріп, оның әскери қылмыстары үшін жауапкершілікті бөлісті. Біз бұл әрекеттердің Ұлан-Батыр үшін салдары болуы үшін серіктестерімізбен жұмыс істейтін боламыз", - делінген Украина Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?