«Мисыз халқым соны да түсінбейді»: Белсенді Димашты Қытайдың жобасы деп атады

Оны Америка емес, Еуропа емес дәл Қытай шығарды. Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін

Мамыр 31, 2024 - 17:05
Мамыр 31, 2024 - 17:19
«Мисыз халқым соны да түсінбейді»: Белсенді Димашты Қытайдың жобасы деп атады
Коллаж: sadaqmedia.kz

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың жобасы» деп атады. Оның бұл пікірі TikTok әлеуметтік желісін жаулап жүр, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Димаш Қытайдың жобасы. Оны Америка емес, Еуропа емес дәл Қытай шығарды. Мисыз халқым соны түсінбейді. Мен билікке келсем Димашты Қытайға қайтарып жіберемін, Қазақстанға кіргізбеймін", деді белсенді.

Белсендінің бұл пікірі желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Аталмыш видео бес мыңнан асап пікір жинады. Біләштің сөзін жақтағандарға қарағанда даттағандардың қарасы көп. 

"Түсінбеймін, неге бәрі Димашқа жау болып алған?", "Сен кімсің Димашты Қазақстанға кіргізбейтін?", "Димаш үшін бүкіл халық, әлем көтеріледі", "Димашым әлем мақтанышы", "Бірінші сол баланың деңгейіне жетіп ал", деп желі оқырмандары жарыса жазды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow