Human Rights Watch ұйымы Моңғол үкіметіне Путинді қамауға алуға шақырды

Путин Моңғолияда іссапармен жүр.

Қыркүйек 3, 2024 - 10:43
Қыркүйек 3, 2024 - 10:45
Human Rights Watch ұйымы Моңғол үкіметіне Путинді қамауға алуға шақырды

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Моңғолияға іссапармен келген Владимир Путинді қамауға алуға шақырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

РФ басшысы 3 қыркүйекте Моңғолияға іссапармен келген. Ол Халхин-Гол өзенінде кеңес және моңғол әскерлерінің Жапон қарулы күштеріне қарсы бірлескен Жеңісінің 85 жылдығына арналған іс-шараға қатысады. Оны ел президенті Ухнаагийн Хурэлсух 2023 жылы Бейжіңдегі кездесуде шақырды. 

Бұл Путиннің халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялаған елге оны қамауға алу ордері шыққаннан бергі бірінші сапары. Ресей президентіне украиналық балаларды Киев бақылайтын аумақтарға заңсыз тасымалдады деген айып тағылған болатын. 

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Ұлан-Батыр билігі Путинді елге келген соң қамауға алынбайды деп сендірген. Моңғолия РФ басшысын қызыл кілеммен, қарауылмен күтіп алған. 

Халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілдері Ұлан-Батыр билігі Путиннің елге келуіне кедергі жасамаса, Моңғолия Халықаралық қылмыстық сот мүшесі ретінде халықаралық міндеттемелерді бұзады деп есептеп отыр.

Моңғолия Халықаралық қылмыстық сотқа мүше болып 2003 жылы кірген. Келісімге сәйкес, мемлекет сотпен бірлесіп жұмыс істеп, ел аумағына кірген күдікті немесе қылмыскерлерді қамауға алуға міндеттеледі. 

Осылайша Моңғолия Халықаралық қылмыстық сотқа мүше ел ретінде Путинді қамауға алатын бірінші ел болар еді.  

Human Rights Watch Путин былтыр тамызда Оңтүстік Африкада өткен БРИКС көшбасшыларының саммитіне қатысуы керек болғанын атап өтті. Оңтүстік Африка да Халықаралық қылмыстық сотқа мүше ел. Алайда РФ басшысы саммитке бармай қойған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow