Іле ауданында бір бала, Райымбек ауданында үш бала аштан жүдеген – прокуратура

Қараша 28, 2023 - 13:49
Іле ауданында бір бала, Райымбек ауданында үш бала аштан жүдеген – прокуратура
Фото: "Бақытты балалық шақ" акциясының көрініс

Алматы облысының Іле ауданында алты жастағы бала аштан жүдеп, жүруге мұршасы қалмаған, деп хабарлайды sadaqmedia

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлап отыр. «Бақытты балалық шақ» акциясының аясында прокуратура мен полиция өкілдері аймақтағы 400-ден астам отбасыны тексерген. Олардың көбі полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ өгей әкелері бар отбасылар.

«Жобаның мақсаты зорлық-зомбылық қауіпінде тұрған немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау. Тексеріс кезінде Іле ауданында аштан жүдеген, сөйлеуге, жүріп-тұруға мұршасы жоқ 6 жастағы бала анықталды. Шұғыл түрде дәрігерлер келіп, бала «екі жақты пневмония» диагнозымен аудандық ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының сайты. 

Бұл баланың ата-анасына әкімшілік айыппұл салынған. Ал, қамқоршылық органы баланың ата-анасының құқығын шектеу талабымен сотқа жүгінген. 

«Сонымен қатар, Алматы облысы Райымбек ауданында үш баласы аштан жүдеу отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа барады», - деп хабарлады прокуратура. 

Жалпы, осы акция аясында прокурорлар мен полиция өкілдері 15 баланы ата-анасынан алып алған. Соның ішінде, жеті баланың әке-шешесін ата-ана құқығынан шектеуге қатысты іс басталған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Павлодар облысы Шідерті ауданында сегіз айлық нәресте аштан көз жұмды деген күдікпен іс қозғалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow