«Командирі елемеген»: Жаңбыр астында «Көшпенділер ойынының» тәртібін күзеткен сарбаз комаға түсті

Қыркүйек 6, 2024 - 16:51
«Командирі елемеген»: Жаңбыр астында «Көшпенділер ойынының» тәртібін күзеткен сарбаз комаға түсті

Астанада өтіп жатқан көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін күшейтуге келген сарбаз комаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Аталған ақпаратты алғаш болып facebook желісінде Алма Сайлауқызы деген қолданушы жазды. 

"Көшпенділер ойынына "усиление" үшін келген жігіт тұрған жерінде құлап, комаға түсіпті. Жаңбыр астына таңнан кешке дейін тұрған сарбаз командиріне бірнеше күн бойы қызуы көтеріліп тұрғанын айтса да, тәртіп солай деп елемеген", - делінген Сайлауқызының жазбасында. 

Аталған ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

"Қазіргі таңда мән-жай анықталып жатыр, қосымша ақпаратты хабарлаймыз", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері Астанада V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ойынға 2430 қатысушы, 100 мыңға жуық турист келеді. Сондай-ақ 300-400 шетелдік БАҚ қатысуға өтінім берген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow