Қырғызстан да «Талибанды» террористік ұйым тізімінен шығарып тастады
Елде террористік ұйым тізімі жаңартылған.
Қырғызстанның Бас прокуратурасы экстремистік-террористік ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қырғызстанның Бас прокуратурасы ел аумағында соттар тыйым салған экстремистік террористік ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімде 20 ұйым бар. Олардың арасында «Талибан» қозғалысы жоқ.
«Талибан» 2006 жылдың қыркүйегінде Бішкектің аудандық сотының шешімімен Қырғызстанда террористік қозғалыс деп танылған болатын. Соттар тыйым салған ұйымдардың тізімінде «Әл-Каида», Күрд Халық Конгресі ("Конгра-Гель"), «Хизбут-Тахрир-әл-Ислам» қозғалысы бар. Талибан қозғалысы Қырғызстанға алғыс айтқан.
Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсанында Қазақстан да «Талибанды» террористік ұйым тізімінен алып тастаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?